Көктемгі дала жұмыстары – жауапты кезең. Биыл да диқандар әр гектар жерді тиімді игеріп, сапалы өнім алуға күш салып жатыр. Қазір шаруашылықта рапс дақылын себу науқаны басталған. Рапс - орамжапырақ тұқымдасына жататын, майлы әрі азықтық мақсатта өсірілетін біржылдық шөптесін өсімдік дейді мамандар.