Жаркөл жерінде облыс бойынша алғаш рет «Ұлы дала әуені» атты халықаралық этникалық музыка фестивалі өтті. Бұл байқау ұлттық өнердің мерейін үстем еткен, тағылымы терең мәдени шараға айналды.


Фестиваль аясында сайын даланың сан ғасырлық тарихын, көшпелі өркениеттің рухын бойына сіңірген қазақтың киелі саз өнері кеңінен насихатталды. Күмбірлеген күй мен әуелеген ән арқылы ұлттың болмысы, халықтың жан дүниесі және ата-бабадан жеткен асыл мұра дәріптелді.