«Этноәлем» бағдарламасының бұл шығарылымы ұлттық тәрбиенің терең мәні мен мектеп қабырғасындағы рухани құндылықтардың маңызын арқау етеді. Бүгінде білім ордалары тек сапалы білім берумен шектелмей, ұлттың болмысын, салт-дәстүрі мен мәдениетін дәріптейтін киелі ортаға айналып келеді.


Бағдарлама барысында №15 жалпы білім беретін мектептегі ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие жұмыстары көрсетіледі. Домбыра үні мен қолөнер сабақтары, ұлттық ойындар мен шығармашылық үйірмелер арқылы оқушылардың бойына қазақы тәлім мен рух сіңірілуде. Ұстаздар мен шәкірттердің ой-пікірі арқылы көрермен ұлттық тәрбиенің бүгінгі қоғамдағы орнын тереңірек сезіне алады.


«Этноәлем» — ұлттық кодты жаңғыртып, жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды дарытудың маңызын кеңінен насихаттайтын тағылымды жоба.