Қоғам дамуының басты қағидаттарының бірі – ашықтық пен әділдік. Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасы бүгінде ерекше маңызға ие. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.
Елімізде жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру және қоғам сенімін нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе мүдделер қақтығысын болдырмау, мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері өзекті.
Осы бағыттағы жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайында бүгінгі шығарылымда сөз қозғаймыз.
Бағдарлама қонағы – Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Ділназ Әмірбекова.