Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі басым бағыт болып қала беретіні атап өтілді. Үкімет басшысы бүгінде суармалы жерлердің үштен бірінен астамы су үнемдеу технологияларымен қамтылғанын айтты. Соның нәтижесінде өткен жылы 847 млн текше метр су үнемделген. Алдағы уақытта жыл сайын қосымша 150 мың гектарға жуық алқапты осы технологиялармен қамту жоспарланып отыр.
Өңірде бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылуда? Су қорларын сақтау мен тиімді басқару жолында қандай жобалар жүзеге асуда? Осы және өзге де сауалдарға облыстық Тобыл-Торғай бассейндік су инспекциясының бөлім басшысы Зейнагүл Ахметовамен сұхбат барысында жауап іздейміз.