Цифрландыру дәуірінде ақпаратқа қолжетімділік артты, бірақ сонымен қатар алаяқтардың айласы да күшейді. Бүгінде олар сенімге кіріп, бір ғана телефон қоңырауы немесе жалған сілтеме арқылы жеке мәліметтерге оңай қол жеткізе алады. Өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, карта нөмірі мен SMS-кодты сұрау – ең жиі кездесетін тәсілдердің бірі. Осындай сәтте көпшілік қателік жіберіп, өз қаражатын өз қолымен қаскөйлерге беріп қояды. Бір ғана аңғалдық – бірнеше жыл жинаған қаржыдан айырылуға себеп болуы мүмкін.