Қала көшелеріндегі көлік қозғалысы күн өткен сайын артып келеді. Мыңдаған жүргізуші күн сайын өз бағытымен асығып жүреді. Алайда жол үстінде бәрінен маңызды бір қағида бар. Ол – арнайы қызмет көліктеріне кедергісіз жол беру. Себебі көк шамын жағып, арнайы дыбыс белгісін қосқан әрбір көлік белгілі бір төтенше жағдайға бара жатыр. Бір жерде адам өміріне қауіп төніп тұрса, енді бір жерде жол-көлік оқиғасының салдарын жою қажет болуы мүмкін. Осындай сәттерде әр секундтың құны жоғары.