Маусым айынан бастап өңірде суға шомылу маусымы ресми түрде басталды. Осы кезеңде қайғылы жағдайлардың алдын алу – басты міндеттердің бірі. Сондықтан Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Алайда белгіленбеген орындарда суға түсіп, талаптарды елемейтін жағдайлар да кездеседі.

«Дабыл» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында құтқарушылармен бірге рейд жұмыстары көрсетіледі. Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары мен бақылау күшейтілген аумақтар туралы сөз болады.