Темекі және темекі өнімдері – бұрын тек шылым түрінде танымал болса, қазір бұл қатарға қорқор, яғни кальян мен вейп те қосылды. Қоғамдық орында темекі тарту – заңбұзушылық. Ал вейп – сәнге айналғанымен, заңсыз саудаға жол ашып отыр. Бұл – үш түрлі зиянды әрекет, бірақ салдары бір: денсаулыққа қатер, қоғамға қауіп, заңға қайшы.