Маяк ауылының тұрмысы ширақ, тіршілігі тындырымды. Аз ғана халық қоныстанған бұл елді мекеннің атқарып жатқан жұмысы көпке үлгі боларлық. Ауылда бірнеше шаруашылық құрылып, олардың басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Төрт түлікті түлетіп, атакәсіпті жалғаған ауыл тұрғындары еңбекқорлығымен ерекшеленеді. Соның нәтижесінде ауылда сүт өнімдері жеткілікті, тіпті кейбір шаруашылықтар өз өнімдерін аудан орталығына шығарып, табысын арттырып отыр.