Мереке күндері қауіпсіздік мәселесі ерекше бақылауда болады. Полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, таңғы сағат сегізден бастап жеке құрам сапқа тұрғызылып, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша нақты нұсқаулық алады. Бұл – тұрғындардың қауіпсіз әрі тыныш мереке өткізуіне бағытталған шара.