Бір сәттік қызығушылық. Жеңіл ақшаға деген құмарлық. Немесе ортаның ықпалы. Осындай себептер талай жастың тағдырын өзгертуде. Бүгінде есірткі мәселесі тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның басты дертіне айналды. Әсіресе синтетикалық есірткінің таралуы алаңдатарлық деңгейге жетті. Оның құрбанына айналғандардың қатарында жасөспірімдер де, жастар да, ересектер де бар.
Бүгінгі шығарылымда есірткінің адам өміріне тигізетін зардабы, заң алдындағы жауапкершілік және қоғамға әсері жайында сөз қозғаймыз.