Соңғы уақытта қаңғыбас иттердің адамдарға шабуыл жасауы жиілеп, қоғамда үлкен алаңдаушылық тудыруда. Бұрын тек әлеуметтік желілерде таралған бейнежазбалар бүгінде шынайы өмірдің көрінісіне айналып отыр. Әсіресе, тұрғын үйлердің аулаларында, қараусыз қалған жер телімдерінде иесіз жануарлардың топтасып жүруі тұрғындарды қатты алаңдатуда. Ассалаумағалейкум, көрермен! Эфирде «Дабыл», сіздермен Рахат Сейітхан. Бүгінгі бағдарлама қаладағы бұралқы ит-мысықтар мәселесіне арналады.