Соңғы жылдары кәмелетке толмағандар арасындағы буллинг пен кибербуллинг қоғамның өзекті мәселесіне айналды. Мектеп қабырғасындағы психологиялық қысым, әлеуметтік желідегі қорлау мен мазақтау жасөспірімдердің өміріне қауіп төндіруде. Осы ретте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың қауіпсіздігі, мектептегі тәртіп және буллинг мәселесіне қатысты бір емес, бірнеше рет айтты. Президент әсіресе, мектептерде психологиялық қызметті күшейту, жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, кибербуллингке қарсы нақты шаралар қабылдау, білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта қалыптастыру туралы тапсырма берген болатын.