Қостанай өңірі – елдің астықты аймағы. Биыл да диқандар ерте көктемнен бел шеше еңбекке кірісті. Көктемгі дала жұмыстарының дер кезінде басталуы мен ауа райының қолайлылығының арқасында егін ору науқаны да әдеттегіден ерте басталып, нәтижелі өтті.
Бұл – тек егін ору науқанының табысы емес, тұтас бір жылдың тынымсыз еңбегінің жемісі. Ал бүгін біз Қостанай облысындағы биылғы егін және мал азығы науқанының барысы мен ерекшеліктеріне тоқталамыз.