14 тамыз күні Qostanay арнасында өткен «ЭтноӘлем» бағдарламасында ұлттық дәстүрлерді жаңғырту, құрақ көрпе өнері, сал-серілік дәстүр, «Бабалар ізімен» жобасы және тоғызқұмалақ ойынын насихаттау тақырыптары талқыланды. Бағдарлама барысында қолөнер шеберлері Зейнеп Хасенова, Гауһар Жаңабергенова, Сәния Бақберген, жоба жетекшілері Еркебұлан Кәрімұлы, Дәмір Қалқаев, Марғұлан Әбдібек, сондай-ақ ұлттық ойындар мен жарыс ұйымдастырушылары өз тәжірибелерімен бөлісті.