Рудный қаласында қазақы нақыштағы алғашқы «Этнолайф» мектепалды лагері ашылды. Мұнда балалар ұлттық салт-дәстүрмен, қолөнермен, саз аспаптарымен танысып, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Киіз үй, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, өнер сайыстары мен қолөнер үйірмелері – лагерьдің басты ерекшелігі. Мақсат – жас ұрпаққа ата-баба мұрасын қастерлеп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.