Қостанайдағы қауіпсіздігі төмен қоныс колониясында жазасын өтеушілер еңбекке араласып, өмірді қайта бастаудың нақты жолын көрсетуде. Олар темір өңдеу цехында, тігін фабрикасында, құрылыс пен диірмен салаларында жұмыс істейді. Бағдарламада сотталғандардың еңбегі, кәсіби машықтарды меңгеруі және қоғамға қайта бейімделу жолдары сөз болды. Еңбек – тек табыс көзі ғана емес, сонымен қатар өзін қайта танудың, түзелудің құралына айналған. Жазасын өтеуші азаматтар дәнекерлеуші, құрылысшы сынды мамандықтарды меңгеріп, болашаққа сеніммен қадам басып жатыр.