Қоныс колониясындағы тігін және металл өңдеу цехтары – жазасын өтеушілерге арналған маңызды өндірістік алаң. Мұнда олар күн сайын еңбекке араласып, киім-кешек тігеді, металмен жұмыс істейді. Бұл — тек кәсіп емес, қоғамға қайта оралудың нақты жолы. Бағдарламада түзету мекемелеріндегі еңбекпен тәрбиелеу үдерісі мен сотталған азаматтардың кәсіби машықтарға ие болуы туралы баяндалады.