5 қыркүйек күні QOSTANAI арнасында өткен «Дабыл» бағдарламасында өрт қауіпсіздігі тақырыбы көтерілді. Қостанай облысында 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өтіп жатыр. Шара аясында мамандар тұрғын үйлердегі пештер мен мұржалардың жағдайын тексеріп, қауіпті сымдарды ауыстыруды ұсынып жатыр. Сондай-ақ орманды аймақтарда рейдтер жүргізіліп, өрттің алдын алу мақсатында минералды жолақтар жасалуда.