22 тамыз күні Qostanay арнасында өткен «Дабыл» бағдарламасында қоғамды алаңдатқан мәселе – интернет арқылы жасалатын қылмыстар сөз болды. Киберқылмыстардың түрлері, алаяқтардың әдістері және олардан сақтану жолдары жайлы студияда Полиция департаментінің киберқылмыспен күрес бөлімінің аға жедел уәкілі Рашид Мадияров әңгімеледі.