Журналистер күніне арналған арнайы шығарылымда эфир тізгінін нәзік жанды журналистер қолға алды. «Ақсұлу» бағдарламасының бұл саны кәсібіне адал, көзқарасы айқын, үні анық қазақ қыздарының пікір алаңына айналды.

Студияда:

– Жанар Ержанова («QOSTANAI» телеарнасы редакторы)

– Әсел Ғалымова («AMANAT» партиясының баспасөз хатшысы)

– Гүлнұр Нұрмағанбетова («Atameken Business» телеарнасының меншікті тілшісі)

Бағдарламада журналистиканың қиындығы мен қадірі, әйел адамның ақпарат саласындағы орны, кәсіби шың мен жеке өмір тепе-теңдігі, өңірлік тақырыптар мен көрермен талғамы сөз болды. Қатысушылар өз тәжірибесімен бөлісіп, болашаққа бағыт берді.