«Ақсұлу» бағдарламасында қазіргі қоғамда кеңінен қолданылып жүрген интернеттің пайдасы мен зияны туралы жан-жақты пікірлер айтылды. Бағдарламада киберқылмыс, интернеттегі алаяқтық, кибербуллинг, сондай-ақ балалар мен жастардың смартфонға тәуелділігі сынды өзекті тақырыптар қозғалды. Студия қонақтары — тәртіп сақшысы, ата-ана, кітапханашы және студент — өз тәжірибелерімен бөлісіп, ғаламтордың күнделікті өмірге қалай әсер ететінін талқылады. Сонымен қатар, кітап оқуға қызығушылықты арттыру, цифрлық мәдениетті қалыптастыру, ақпараттың сенімді көзін табу жолдары да сөз болды. Бағдарламада әрбір көрерменге ой салатын нақты мысалдар мен кеңестер ұсынылды.