«Дабыл» бағдарламасында 1 маусымнан басталатын суға шомылу маусымының қауіпсіздігі туралы айтылды. Құтқарушылар Қостанай қаласының жағажайларында рейд жүргізіп, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Белгіленбеген жерлерде шомылғандар анықталып, ескерту берілді. Өңірде 26 рұқсат етілген суға түсу орны болса, олардың барлығы құтқару құралдарымен жабдықталған. Қауіпті учаскелерге 485 ескерту белгісі қойылған. Облыс бойынша 120 құтқарушы, 35 техника, соның ішінде 21 жүзу құралы жұмылдырылған. Мамандар азаматтарды тек арнайы рұқсат етілген жағажайларда шомылуға және ережелерді сақтауға шақырады.