Ұлттық спорт түрлері – халқымыздың мәдени мұрасының ажырамас бөлігі. Бағдарламада қазақтың көне спорттық ойындары мен олардың қазіргі дамуы сөз болады. Көкпар, асық ату, тоғызқұмалақ, қазақша күрес сынды спорт түрлерінің тарихы, ережелері және жастар арасындағы танымалдығы туралы баяндалады. Қостанай облысында ұлттық спорттың өркендеуі, жаңа бастамалар мен жарыстар жайлы маңызды ақпарат беріледі.