Науырзым өлкесінде жергілікті халықтың тұрмыс кешу деңгейін арттыру мақсатында тізгін ұстаған тұлғалар тарапынан көрсетілетін көмек көлемді, атқарылған жұмыс - ауқымды, тындырылған тірлік толайым. Аудан орталығынан тыс, шалғайдағы шағын елді мекендердің де еңсе тіктеп, заман талабына сай түлеп келе жатқанын аңғару оңай. Буревестник ауылында ел игілігі үшін жүзеге асып, қолданысқа берілген жоба-жоспарларды мысал ретінде келтіруге әбден болады.