Жыл ауысып жатса да, ду-думанның қызуы қыстың кәрін жібітсе де, қызметтік міндетін тастамайтындардың сапында – теміржолшылар да бар. Күллі ғалам үшін желтоқсанның 31-і ғажайыптың сынығындай көрінсе, ҚТЖ-ның қызметкерлері үшін бар болғаны күнтізбенің ауысуы ғана. Жаңа жылдық түнді жақындарымен емес, жұмыста қарсы алатындар жайлы әріптесім айтсын.