Жыл басынан бері 21 мыңнан астам адам қаржы пирамидасының құрбаны болған. Мамандардың дерегінше, алаяқтардың торына әртүрлі санаттағы адамдар алданып жатады. Әсіресе, олар егде жастағы және мүмкіндігі шектеулі жандарды оңай торға түсіретін көрінеді. Облыста сондықтан, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр.