Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар мәселесін алға қою, әсіресе жастар денсаулығының маңызын үнемі айтып келеді. Өңірде жастар мәселесі мен жастар денсаулығы – басты назарда. «JASTAR MED» орталығы кейінгі буын өкілдеріне медициналық қызметтерді тегін көрсетуде. Кезекті шара Қостанайда «Денсаулыққа апаратын жол: репродуктивті және психикалық салауаттылық» тақырыбында өтті.