Соңғы бір айда жедел респираторлық вирустық инфекцияның 17 мыңға жуық жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылға қарағанда әлдеқайда көп. Дәрігерлер аурудың алдын алу үшін екпе жұмыстарына ерекше басымдық беріп отырғандарын айтады. Вакцина алуға жататын тұрғындардың 81 пайызы иммундалған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялық қызметте өткен брифингте мәлім етілді.