Су тасқынан зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр. Келтірілген залал шығыны есептеліп, өтемақы төлеу жалғасуда. Ал, су басқан елді-мекендердің оқушылары еліміздің үздік деген сауықтыру орталықтарына жіберілді. Сондай-ақ, әлеуметтік осал топтағы азаматтардың бірқатары шипажайда демалуда. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова аталмыш нысанға арнайы барды.