Негізгі Видео Өнер деп соққан жүрегі | «Туған жер тұлғалары»

Өнер деп соққан жүрегі | «Туған жер тұлғалары»

Мейрамхан Қапышев 1936 жылы қасиетті Батпаққара топырағында дүниеге келген. Торғай өңірінен шыққан тұңғыш режиссер. 1960 жылы негізі қаланған Аманкелдідегі театрдың бастауы – «қызыл үйдегі» өнерлі жастардың бір ордаға тоғыстырған тұлға. Соның нәтижесінде, небәрі бес жылдан кейін, 1965 жылы ұжым Алматы да Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» драмасымен халықтық театр атағын қорғауы өңірдегі өнердің әлеуетін дәлелдеген тарихи сәт.