Сәлім Меңдібайдың ғұмыры – журналистикаға адалдықтың, адамдыққа беріктіктің жарқын үлгісі. Ол артына өшпес із қалдырып, талай шәкірт тәрбиеледі, талай тағдырға шуағын төкті. Бүгінде оның есімі мен еңбегі Қостанай өңірінің рухани тарихымен біте қайнасып жатыр. Арда азаматтың жарқын бейнесі замандастарының жүрегінде, оқырманының жадында және кейінгі буынның тағылым жолында мәңгі жасай бермек.