Жандарбек ата еңбек жолын қарапайым шопырдан бастап, 12 жыл көлік жүргізушісі болған. Кейін техникумға түсіп, есепшілік кәсіпті меңгерген. Бұл оның балалық арманы. Ал 1969 жылы ел ағаларының оған артқан сенімінің нәтижесінде аймақтағы Викторов кеңшарындағы ауылдық кеңес атқару комитетінің төрағасы болып бекітілді. Көп өтпей Вачасов кеңшарындағы партия комитетіне жетекшілік етті. Кейін Абай атындағы кеңшарға директор болып тағайындалды. Уақыт өте Қостанай аудандық атқару комитетіне хатшылық қызметке кірісті.