Менің қолтаңбам

Мәдени-танымдық бағдарлама
Бұл бағдарламаның басты мақсаты – елден шыққан еңбек адамын жастарға үлгі ету, кейіпкердің өнегелі өмірін өскелең ұрпақ санасына сіңіру. Қоғам дамуына қосқан үлкен үлесін, адамгершілік қасиеттерін, бүгінгі болмысы мен ортасындағы абырой-беделін айқындау. Хабарға әр сала өкілі кейіпкер бола алады. Еткен еңбегі көп еленіп-ескерілмейтін, қарапайым ғана өмір сүруді қалайтын «қайраткерлерді» тұлғалық тұғырға көтеру арқылы «Елім маған емес, мен еліме не берем?» деген ойды әспеттеу және патриоттық рухта тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыруға негізделген. Тележоба айына 2 мәрте мемлекеттік тілде шығады.
Ұзақтығы – 20 минут.
Тағы да