Ертай Балахмет 1965 жылдың 21 сәуірінде Қостанай облысы, Науырзым ауданында дүниеге келген. Әкесі Ислам – саналы ғұмырын білім саласына арнаған ұстаз. Қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс беріп, шәкірт тәрбиелеуде өзіндік орны бар, облысқа танымал таңдаулы мұғалімдердің бірі болған. Ал анасы Зейнеп – мейірімі мен парасаты жарасқан жан. Ұзақ жылдар кітапханашы болып еңбек етіп, ауылдың рухани өміріне үлес қосты. Осындай кітап пен білімге жақын отбасында өскен баланың дүниетанымы да өзгеше қалыптасты.