Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде мұндай жарнамалар күрт көбейді. Бұрын табыс табу үшін арнайы білім, тәжірибе немесе үлкен команда қажет болса, бүгінде бір ғана ноутбук пен интернет жеткілікті. Әсіресе, жасанды интеллект технологияларының дамуы бұл мүмкіндіктерді бұрынғыдан да кеңейте түсті. Қазір кез келген адам мәтін жазып, оны бірнеше сағаттың ішінде толыққанды видеоға айналдыра алады. Яғни, интернет арқылы табыс табу мүмкіндігі бар. Алайда бұл шынымен қаншалықты оңай? Заң алдындағы жауапкершілік қандай? Қандай мүмкіндіктер мен қауіптер бар? «Қаржы құпиясы» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында осы сұрақтарға жауап іздейміз.