Енді бұрын қолданылған жеңілдетілген декларация, тіркелген шегерім және бөлшек салық режимдері күшін жойды. Осы режимдермен жұмыс істеген кәсіпкерлер 2026 жылдан бастап есептілік тапсыра алмайды. Бұл өзгеріс әсіресе қаңтар-ақпан айларында қызметін тоқтатуды жоспарлаған кәсіп иелеріне қатысты.


Еске салайық, 2025 жылғы 18 шілдеде жаңа Салық кодексі қабылданды. Жүйені оңтайландыру аясында үш арнайы салық режимі енгізілді. Олар: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режим, жеңілдетілген декларация негізіндегі режим және шаруа немесе фермерлік қожалықтарға арналған режим.