Қысқы кезеңде алыс жолға шығу әрдайым қауіпті. Аяз бен боран салдарынан көлік жүргізушілері қиын жағдайға тап болып жатады. Осындай сәттерде жылыту бекеттерінің жұмысы ерекше маңызға ие. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төтенше жағдайлар қызметі күндіз-түні жұмыс істеп жатыр.