Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты – жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлай алатын, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуде мектеп қабырғасында қосымша білім берудің, соның ішінде қолөнер үйірмелерінің орны ерекше. Қолөнер – ата-бабамыздан келе жатқан асыл мұра, ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі. Сондықтан мектеп оқушыларына арнап қолөнер үйірмесін ашу – тәрбиелік, білімдік әрі әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды.