Бағдарламада Тобыл-Торғай өңірінде өткен ауқымды айтыс додасы, оның рухани маңызы мен мерейтойлық мазмұны кеңінен баяндалады. Әсия Беркенованың 75 жылдығына арналған жыр сайысында еліміздің түкпір-түкпірінен келген дүлдүлдер бас қосып, сөз өнерінің көрігін қыздырды. Сахна төріне Бекарыс Шойбеков, Әсем Ережеқызы, Мұхтар Ниязов, Айбек Қалиев бастаған белгілі айтыскерлер шығып, ұлттық өнердің биік деңгейін көрсетті.
Айтыстың тарихы, ақындар мектебі, сөз барымтасының бүгінгі даму ерекшелігі туралы пікірлермен қатар, көрермендердің әсері мен жүлдегерлердің марапат сәттері де қамтылады. Бұл шығарылым — қазақтың төл өнерінің салтанаты мен рухани сабақтастығын айшықтайтын мазмұнды көрініс.