Өкпенің алғашқы қабынуы көбіне жедел респираторлық вирустық инфекциялардан дер кезінде емделмеу салдарынан дамиды. Ауру асқынған жағдайда бронхит пайда болады. Бронхит – өкпеге ауа жеткізетін бронхтардың қабынуы. Бұл ауру кезінде бронхтардың ішкі қабаты ісініп, көп мөлшерде қақырық бөлінеді. Соның салдарынан жөтел пайда болып, тыныс алу қиындайды.