Артериялық қан қысымы — бүгінде әлемдегі ең қауіпті әрі кең таралған дерттердің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жер шарындағы әрбір үшінші ересек адам гипертониямен өмір сүреді. Алайда олардың көбі өзінің сырқаты бар екенін білмейді. Өйткені бұл ауру көбіне үнсіз дамиды.
Қан қысымы туралы алғашқы ғылыми зерттеулер XVII ғасырда басталды. 1733 жылы ағылшын ғалымы Стивен Хейлс алғаш рет жануарлардың қан қысымын өлшеген. Кейін медицина дамыған сайын адам қан қысымын анықтайтын құрылғылар пайда болды. XIX ғасырдың соңында италиялық дәрігер Рива-Роччи тонометрдің алғашқы үлгісін жасап шығарды. Ал бүгінде қан қысымын өлшеу — әр адамның күнделікті денсаулық бақылауының бір бөлігіне айналды. Дәрігерлердің айтуынша, қан қысымы — жүрек пен қан тамырлары жұмысының негізгі көрсеткіші. Қалыпты қысым шамамен 120/80 болып есептеледі. Ал одан жоғары көрсеткіштер адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.