Бұл — қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде ұйымдастырылған қоғамдық еңбек алаңы. Мұнда жазасын өтеушілер күніне бірнеше сағат бойы аумақты абаттандыру жұмыстарын атқарады. Бірі аула тазаласа, енді бірі шаруашылыққа көмектеседі. Мұндай қоғамдық еңбек олардың жасаған әкімшілік құқықбұзушылықтарымен қатар, қоғам алдындағы жауапкершілікті терең түсінуге мүмкіндік береді.