Анемия – ағзадағы гемоглобин мен эритроциттің азаюынан пайда болатын дерт. Қан ағза жасушаларын оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз етеді, сондықтан оның құрамындағы өзгеріс бүкіл денсаулыққа әсер етеді.

Мамандардың айтуынша, анемияның алғашқы белгілері жиі назардан тыс қалады. Әлсіздік, шаштың түсуі, ұйқының қанбауы, бас айналу сияқты белгілер көп жағдайда шаршау немесе күйзеліс деп қабылданады. Алайда бұл – қаназдықтың алғашқы дабылы болуы мүмкін.