Қазіргі таңда көз аурулары қоғамның әр өкілін қамтып отыр. Бұл тұрғыда ең жиі кездесетін дерт ретінде катаракта белгіленген. Ол дүниеге келген сәттен бастап та, уақыт өте де пайда болуы мүмкін. Әсіресе жас ұлғайған сайын көздің ішіндегі бұршақ тұманданып, көру қабілеті біртіндеп төмендейді. Кей жағдайда адам тек жарықты ғана сезетін деңгейге дейін барады.