Мамандардың айтуынша, елімізде күйзеліске ұшырағандардың қатары жыл сайын 30%-ға артады. 2025 жылдың соңына қарай әлем бойынша 1 миллиардтан астам адамның психикалық денсаулыққа қатысты түрлі бұзылыстармен өмір сүретіні белгілі болған. Олардың негізгі бөлігін қайғыру мен мазасыздық құрайды. Бұл дегеніміз шамамен әрбір 8-ші адам күйзеліске ұшырайды деген сөз. Ол әсіресе жастарға айтарлықтай әсер етеді: бүгінде 7 жасөспірімнің бірі психикалық бұзылысқа тап болуда.