Цифрландыру дәуірінде ақпаратқа қолжетімділік артты, сонымен қатар алаяқтардың айласы да көбейді. Қазір олар сіздің сеніміңізді пайдаланып, жеке мәліметтеріңізге бір ғана телефон қоңырауы немесе жалған сілтеме арқылы қол жеткізе алады. Мәселен, өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, картаның нөмірін немесе SMS арқылы келген кодты сұрайтындар аз емес. Мұндай жағдайда азаматтар жиі алданып, өз қаражатын қаскөйлерге өз қолымен беріп қояды. Бір ғана қателік — бірнеше жыл жинаған қаржыдан айыруы мүмкін.