Бағдарламада Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай Торғай жерінде өткен «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі жайлы баяндалады. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген шабандоздар бес күн ішінде 500 шақырым жолды еңсеріп, Арқалық қаласына дейін жетті. Сайысқа Қазақстанмен қатар Қырғызстан және Ресей командалары қатысты. Бұл жорық — батыр бабалар рухына тағзым, ұлттық спортты дәріптеу мен жас ұрпақ бойында рух, намыс пен төзімділікті қалыптастыруды көздеген рухани сапар.