Бағдарламада жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) таралу себептері, белгілері мен алдын алу шаралары сөз болады. Терапевт Жансая Нұрахметова мен облыстық балалар ауруханасының педиатры Юлия Романюк дерттің тұмаудан айырмашылығын, иммунитетті күшейтудің жолдарын және вакцинацияның маңызын түсіндіреді. Сондай-ақ, мамандар антибиотиктерді өзінше қолданудың зияны мен ағзаның табиғи қорғаныс жүйесін сақтаудың тиімді тәсілдері туралы айтып береді.